Биография няни
Мен үй қызметшінің жұмысын іздеймін. Бұл салада 3 жылдық тәжірибем бар. Алғашқы отбасында 2 жыл, соңғы отбасында 1 жыл қызмет атқардым. Жұмыстан кету себебім: қожайынның үйінде жөндеу жұмыстары басталды. Мен жаңа отбасында тұрақты түрде жұмыс істегім келеді. Үйді жинап, тазалап бере аламын. Киімдерді жуып, үтіктеймін. Ыдыс-аяқтарды да жуамын, ас үйді реттеймін. Тамақ жасау керек болса дайындап беруге мүмкіндігім бар.Әрине, шығыс ұлтының тамақтары мен қарапайым тамағамдарды жасаймын(лағман,манты, пельмен). Өзім "дұнған " ас үйінде жұмыс жасап, тәжірибе алғам. Өзім туралы: тұрмыстамын, 2 балам бар. Алматы қаласы, Балқаш ауданының тумасымын. Медициналық тексерістен өттім. Сабырлымын, жұмысқа жауаптымын. Орыс тілінде аздап сөйлеймін, бірақ барлығын түсінемін. Жұмыс кестесі: 5/2, 09.00- 17.00 сағатқа дейін. Айлық: 130000 теңге.